|
22.06.2018 | 11:54
3247

Жемқорлыққа қарсымыз: Нұр Отан партиясы және мемлекеттік қызмет істері агенттігі меморандумға қол қойды

Жемқорлыққа қарсымыз: Нұр Отан партиясы және мемлекеттік қызмет істері агенттігі меморандумға қол қойды

Өткен жылы 171 адам «Нұр Отан» партиясының қатарынан жемқорлық әрекеті үшін шығарылған. Бұл туралы саяси ұйым мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою кезінде айтылды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елдегі «көз қысты, бармақ басты» әрекетерді жою үшін алдымен басты саяси күш - «Нұр Отанның» іші жемқорлардан таза болу керек деді. Сыбайласып жасалған қаржылай заңбұзушылыққа қарсы әрекет ету меморандумына партия және агенттіктен бөлек, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдар атсалысамыз деп келісті. 

«Біз сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін алдымен қатарымыз таза болуы керек. Бұл салада жағымсыз деректер де бар. Мысалы, 2017 жылы әртүрлі себептерге байланысты партиядан 276 адам шығарылды. Оның 171-і жемқорлық себептеріне байланысты саяси ұйымнан кетті. Құрамында бір миллионнан астам мүшесі бар партия үшін 171 адам көп емес шығар. Бірақ бұл фактілер біз ойлануға мәжбүрлейді»,-деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир