Бүгін футболдан Әлем чемпионатындағы алғашқы финалист анықталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатында алғашқы финалист анықталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана уақытымен сағат 00.00-де ақтық сайысқа шығу үшін Бельгия мен Франция шеберлік байқасатын болады. Ал екінші финалист Англия-Хорватия арасында анықталады.
Еске салсақ, Франция құрамасы Дания, Австралия және Перу командаларын жеңіп, «С» тобында бірінші орынға шыққан болатын. Ал плей-оффта Мишель Платинидің отандастары Аргентина мен Уругвайдан басым түскен еді.
Өз кезегінде бельгиялықтар «G» тобында Англия, Тунис және Панама құрамаларынан мықты болды. Ширек финалда олар Жапонияны жеңді, кейін сенсациялық ойын көрсетіп, басты фаворит саналған Бразилияны жарыс жолынан шығарды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10