Алматыға бөлінген қаржының қайда жұмсалғандығы туралы ашық көрсетілмек

Алматыға бөлінген қаржының қайда жұмсалғандығы туралы ашық көрсетілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай Алматыға бөлінген әр бір тиынның қайда жұмсалғандығы туралы жеке-жеке ашық көрсетіледі. Ақпарат арнайы мемлекеттік органдардың сайтында толықтай жарияланатын болады. Бұл бюджеттің талан-таражға салынбай, толықтай игерілуі үшін аса маңызды, дейді мамандар. Оған қоса, бұл бастама қала тұрғындары қаржының мақсатты түрде жұмсалып жатқандығына толықтай көз жеткізуі үшін де маңызды. Осылайша, бұқара мен билік арасында ашықтық деңгейі әзірге 10 балдық жүйеге сай болып отыр.

«Almatykenes.kz» сайында қоғамдық кеңес қаланың толыққанды бюджеті мен әрбір басқарманың есеп -қисаптарын енгіземіз. Ең көп ақпарат Алатау ауданына қатысты, ол шамамаен 36 беттен тұрады. Жыл басынан бері өзгерістер мен толықтыруларды қажет еткен қала бюджетінің өзгертілген 5 нұсқасы ұсынылған», - деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат ШИБҰТОВ.


Новости партнеров