|
24.03.2017 | 13:45
4311

Алматыда балаңыз бос уақытында немен айналысуға болады?

Алматыда балаңыз бос уақытында немен айналысуға болады?

«Медеу» мұзайдынында конькимен сырғанауды тегін үйрету маусымы аяқталды. Бірақ бұл Алматыда балаларды басқа да ақысын төлемей оқытатын жер жоқ дегенді білдірмейді. Мысалы, БЖСМ №15 грек-рим, еркін және әйелдер күресі секциялары 10 мен 20 жас аралығындағы барлық алматылықтарға қолжетімді. Қалада басқа да үйірмелер, клубтар, шығармашылық ұжымдар, баланы жан-жақты дамыту орталықтары бар.

Күрестің үш түрінде маманданған №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дирекциясы олимпиадалық спортты көпшілікке жаюды ұлғарды деп хабарлайды kp.kz. Бұдан былай грек-рим, еркін және әйелдер күресі секциялары 10 мен 20 жас аралығындағы барлық алматылықтарға қолжетімді

Бастамашылардың айтуы бойынша сабақтарды көптеген үздік спортшыларды тәрбиелеген мықты жаттықтырушылар өткізеді.

-Қазақстанда халықаралық жарыстардан күрес бойынша жүлделі орындарымен танымал. Бірақ соңғы уақытта төмен көрсеткіштер байқалады,- дейді БЖСМ №15 директоры, Әсет Мәмбетов. – Біз жасөспірімдер арасында жасырын таланттарды және жекпе жектен ең биік олимпиада шыңына жетуіне үлес қосамыз.

Үйірмелер шаһарымыздың мынадай орталықтарында өтеді: «Халық Арена», «Алматы Арена» спорткомплекстерінде, «Достық» ғимаратында, және Жоғары спорт шеберлігі мектебінде (ШВСМ). Жаттығулардан бөлек жас спортшылардың палуандармен, олимпиада жүлдегерлерімен, әлем чемпионаттары және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздарымен кездесулері жоспарланған.

Осындай секцияларды тікелей мектептерде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте, ол жерде үлкен спортзалдарына қараймыз. Қазіргі таңда ең бастысы жаттығулар үшін арнайы кілемдер. Алматы әкімдігі мен Республикалық күрес федерациясы біздің бастаманы қолдады»,- деді Әсет Мәмбетов. Сабақ кестесін және толық ақпаратты біздің әдіскерлерден біле аласыздар!

Байланыс ақпараты:

ШВСМ № 15: +7 727 248 14 19

Грек-рим күресінің әдіскері: +7 702 691 23 67

Еркін күрес әдіскері: +7 702 594 54 44

Әйелдер арасында еркін күрестен: +7 702 447 15 55

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир