Астанада суға батқан 4 баланың денесі табылды. Жасөсіпірімдердің жоғалғаны туралы мәлімет маусымның 24 күні Пригородный кентінен келіп түскен. Жедел құтқару тобы аймақтың бәрін жіті тінтіп, Нұра-Есіл арнасын тексеріп шыққан. Балалардың денесі су астынан тек келесі күні табылған. Астана қаласы бойынша Төтенше жағдай департаментінің өкілі Аягөз Фазылова, балалар ата-ана қарауынсыз суға түсуге тыйым салынған аймақта шомылған,-дейді.
«Оқиға орнына 5 минуттан кейін 5 сүңгуір құтқарушы және 1 бірлік техника оқиға орнына жіберілді. Өкінішке орай, 5:17 минут кеткенде 4 баланың мәйіті табылды. Екі бала 2007 жылы туылған. Бір бала 2006 жылы және 2009 жылы туылған. Бізде Астана қаласы бойынша, 3 суға түсетін жер бар. Бұл «Астаналық» паркі, «Күйген жарда» , Қояндыда «Три пескаря» атты суға шомылатын жер. Сол жерде ғана суға түсуге рұқсат берілген»,-деді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Аягөз ФАЗЫЛОВА.