Жыл соңына дейін 4 мыңға жуық әскери қызметкер баспаналы болады

15.09.2018 00:26
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Жанжүменов "Алматы" телеарнасына сұхбат беріп, әскерлерилерге арналған тұрғынүй бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі арқылы «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша мыңдаған әскери маман жуырда баспаналы болады екен. 

Жалпы, аталған бағдарлама бойынша 7,5 мыңдай әскери өз құжаттарын өткізіпті. Олардың 1,5 мыңнан астамы жақын күндері баспаналы болмақ. Тағы 1300 маманның құжаты қаралуда. Ал, жыл соңына дейін 4 мыңға жуық әскери қызметкер қоныс тойын тойлайды.

Сұxбаттың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.