"Дәмді Алматы" отбасылық ас фестивалі өтеді

  "Дәмді Алматы"  отбасылық ас фестивалі өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы сенбіде қаламызда "Дәмді Алматы" деген атаумен ауқымды отбасылық ас фестивалі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін бұл шара осымен екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Фестивальге Алматы қаласының танымал 30 мейрамханасы қатысып, үйреншікті мәзір емес, тың тағамдар даярлайды.  Ұйымдастырушылар есебінше, шараға 12 мыңнан аса адам келеді. "Дәмді Алматы" фестивалі кезекті рет түрлі мәдениет өкілдерінің басын қосып, мол дастархан жайылмақ. Шара Алматы қаласының 1000 жылдығына орайластырылып отыр.



"Біз қаламыздың жан-жақты дамып жатқанын көрсеткіміз келеді. Алматыда түрлі дін, ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Оны біз - ұлт тағамдарының алуан түрлілігімен дәлелдейміз. Шарада арнайы көрме өтеді. Онда ескі Алматының суреттері көрсетіледі. Біз өткенімізді аңсамаймыз, сол кезге кішігірім саяхат жасауды көздейміз. Халықтар достастығы - бейбіт өмірдің бейнесі",- деді "Дәмді Алматы" Фестивалін ұйымдастырушы, Катерина КНАУБ.
 




Новости партнеров