Осы сенбіде қаламызда "Дәмді Алматы" деген атаумен ауқымды отбасылық ас фестивалі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін бұл шара осымен екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Фестивальге Алматы қаласының танымал 30 мейрамханасы қатысып, үйреншікті мәзір емес, тың тағамдар даярлайды. Ұйымдастырушылар есебінше, шараға 12 мыңнан аса адам келеді. "Дәмді Алматы" фестивалі кезекті рет түрлі мәдениет өкілдерінің басын қосып, мол дастархан жайылмақ. Шара Алматы қаласының 1000 жылдығына орайластырылып отыр.