|
17.05.2018 | 09:49
1758

Дәрі бағасының теңсіздігі қатаң бақылауға алынбақ

Дәрі бағасының теңсіздігі қатаң бақылауға алынбақ

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қатаң қадағаланатын болады. Мәжілістегі жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрілер құнының әр жерде әр түрлі екенін растады. Енді бұдан былай барлық препараттардың бағасы бақылауға алынады,- деді ведомство басшысы. Айта кетейік, қолданыстағы заңда тек тегін берілетін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың шекті бағасы белгіленген болатын.

«Біздің елімізде, мысалы, Алматы және Астана қалаларындағы бөлшек сауда дәріханаларында бағаларды анықтау барысында бір дәрінің құнындағы айырмашылығы қала ішінде 100 пайыздан астам болуы мүмкін екенін байқалды. Көтерме сауда және үстеме бағаны қоса есептегенде дәрілік заттардың шекті бағаларын реттеу арқылы еліміздегі халыққа дәрі-дәрмек қолжетімділік мәселесін шешу көзделген», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасы жан-жақты талқыланып болғаннан кейін, Елбасы тапсырмасын еске салды. Кез келген дәрі халыққа қолжетімді болуы тиіс, - деді.

«Заң жобасының әлеуметтік маңызы өте зор. Баршаңыз жақсы білесіздер, дәрілер бағасын заң деңгейінде реттеу, ол тікелей Елбасымыздың тапсырмасы. Сондықтан бұл заң күшіне енген кезде, дәрілердің қолжетімді болуына және бағаның да тұрақты болуына жаңа серпін беруге тиіс»,- ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир