Дариға Назарбаева Алматыдағы Шекара академиясының жұмысымен танысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Болашақ шекарашылар заманауи техникамен жаттығып жатыр. Алматыдағы шекара қызметі академиясының сарбаздары елімізде жасалған тренажерлармен дайындалады. Яғни, алыс шалғайдағы полигонға барып жүрмейді. Дариға Назарбаева Алматыдағы академияның жұмысымен танысты. Ондағы орнатылып жатқан симуляторлардың мүмкіндігін бағамдап көрді. 

¤«Енді жаңағы құрал-жабдық, қару-жарақ жағынан жақсылап қамтылған. Өздеріңіз көріп отырсыздар. Енді қазіргі кездегі жаңа методикамен балаларды дайындап жатыр. Осы жерде ойын арқылы, экран арқылы, осы машинаның іші қалай оны ремонттауға болады, қалай жүргізуге болады? Жолдарда қалай жүреді? Соның бәрін алдымен осы жерде үйретіп алып, содан кейін ғана полиганға шығарып үйретеді», - деді ҚР Парламент Сенатының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА.


Новости партнеров