Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

06.04.2018 в 14:43

Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып Дархан Кәлетаев тағайындалды. Оның Парламент Сенатындағы депутататтық өкілеттігі тоқтатылды. Ал осыған дейін аталған ведомоствоны басқарып келген Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне жайғасты. Айта кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2016 жылдың қыркүйегінде құрылған болатын. Одан бөлек, еліміздің Жоғары сот кеңесінің төрағасы да ауысты. Оған Талғат Донақов тағайындалды. Осыған дейін Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.