«Ұлттық домбыра» күніне орай Астанада 3000 домбырашының қатысуымен үлкен концерт өтеді

«Ұлттық домбыра» күніне орай Астанада 3000 домбырашының қатысуымен үлкен концерт өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада үш мың домбырашының қатысуымен үлкен концерт өтеді. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрiнiң директоры Нұрқиса Дәуiшев мәлімдеді. Көпшілікке бағытталған «Домбыра - асыл мұра» шарасы «Қазақ елi» монументiнiң алаңында 1 шiлде күнi сағат 12.00-де бастау алады. Ал ертен Алматы метросында тұрғындар мен қонақтарға қазақ күйiнен флешмоб ұйымдастырмақ.

«Домбыра жалпы біздің жай ғана аспап емес. Ол еліміздің, халқымыздың қаны,сөйлейтін сөзі, тілі. Сондықтан да айтатын тарихы.Сондықтан да бұл күн - айтулы мереке. Астана қаласында өтетін «Домбыра -асыл мұра» атты үлкен концерттік іс-шара. Бұл шараға 3 мыңға тарта өнерпаз қатысады деп жоспарлануда»,-деді Құрмағазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Нұрқиса ДӘУІШЕВ.

Еске сала кетейін, Елбасы Нұсрсұлтан Назарбаев маусымның орта шенінде шілденің 1-ші күнін «Ұлттық домбыра» күні деп жариялаған болатын. Бұл қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастырмақ.


Новости партнеров