Ықылас атындағы музейге шетелдік музыканттардың аспаптары қойылады

13.09.2018 22:08

Әлем халықтарының аспаптарын енді Ықылас атындағы мұражайдан тамашалауға болады. Минскіден, Будапешттен және Вильнюстан келген музыканттар өздерінің бірегей аспаптарын Алматыға алып келген. Олар Қала күніне орай шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.


«14 қыркүйек күні сағат 18.00-де өтетін іс-шара барысында, яғни гала-концертте бізге келген әр мемлекет өкілдері өз музыкалық аспаптарын музейге сыйға тартатын болады. Дәл қандай аспаптар екенін біз әлі білмейміз, ол жағын олар қазірше құпия сақтап отыр, тосынсый жасамақшы», – деді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің директоры Ұлжан БАЙБОСЫНОВА. 

«Бізде «Купалинка» шығармасы танымал. Ол туындының басқа елдерде де орындалғанын естіген едім. Қазір соны ойнап отырмын», – дейді музыкант (Беларусь) Ольга АНДРИЕНКО.