|
11.07.2018 | 15:22
1939

«Славян базарының» фестивалі Қазақстан өнер шеберлеріне арналады

«Славян базарының» фестивалі Қазақстан өнер шеберлеріне арналады

«Витебскідегі Славян базарының» «Шекарасыз фестивалі» 11 шілдені Қазақстанның өнер шеберлеріне арнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БелТА агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі кештің ең айтулы оқиғаларының бірі – «Ұлы дала өнері» гала-концерті болмақ. «Витебск» концерт залында көрермендер форумның көптен бергі достарына айналған Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды өнер иелерімен қайта қауышып, жас өнерпаздар байқауының әр жылдардағы жеңімпаздарының өнерін тамашалайды. Олардың арасында 20-шы фестиваль жүлдегері Әлішер Каримов, сондай-ақ 2015 жылғы «Славян базарының» Гран-при иегері, Азиядағы музыка шыңының брәні бағындырған талант иесі Димаш Құдайберген де бар. Биылғы фестивальға кинобағдарлама қайта оралып отыр. Оның беташарында режиссер Ақан Сатаев пен продюсер Әлия Назарбаеваның «Анаға апарар жол» тарихи драмасы қойылады. Бүгін сондай-ақ, «Қуыршақ кварталы» жобасы да басталады. Беларусьтың «Лялька» театрының сахнасында «Өлі жандар» фантасмагориясы көрсетіледі.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир