Алматыдағы «Орталық клиникалық ауруханада» ашық есік күні өтті

17.04.2018 16:15

Алматыдағы «Орталық клиникалық ауруханада» ашық есік күні өтті. 5 сағатқа созылған акция аясында дүйім жұртқа түрлі саланың дәрігерлерінен тегін кеңес алуға мүмкіндік туды. Мамандар таңнан бастап 200-ден аса адам келсе, шара аяқталғанға дейін жалпы 600-ін қарап үлгердік дейді. Әсіресе, халық қант құрамындағы холестерин анықтау мен ультрадыбысты зерттеуден өтуге асықты. Ал  ақ халаттыларды соңғы кезде халықтың денсаулыққа жүрдім-бардым қарамайтындығы қуантты. 

«Акциямызда біздің аурухананың меңгерушілері, бөлімдердің және емхананың  меңгерушілері бәрі өздерінің консультацияларын беріп жатыр. Оның ішінде нейрохирургия бойынша, кардиохирургия, травматология, хирургия. Мақсатымыз - бүкіл Алматы халқына біздің аурухананың есігі ашық екенін айтқымыз келеді», - деді  «Орталық клиникалық аурухана» ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі  Айдос МИРМАНОВ