Денсаулық сақтау министрлігі 20 млрд теңгеден астам қаржыны игермеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

¤Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі 20 млрд теңгеден астам қаржыны игермеген. Министрліктерге сын айтқан Бақыт Сұлтанов «бұл жағдай бақылаудың осалдығынан болып отыр», - дейді. Тағы да, көші-қон саласына өзгерістер. Енді шетелден келетін жұмысшыларға берілетін рұқсат қағазының уақыты 3 айдан 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанға келу үшін виза алуға ниетті этникалық қазақтар саны артып келеді. Еліміздің экономикалық көрсеткіші де соңғы 8 айдың ішінде 4,3 пайызды құрап отыр.

- Қайырлы кеш Азамат?  Шенділер бас қосқан жиында тағы қандай өзекті мәселелер талқыланды? Министрлердің соңғы 8 айдағы жұмысына Сағынтаевтың көзқарасы қандай?¤¤

- Қайырлы кеш Нұрсұлтан! Жиын әдеттегі қарқынмен басталды. Көтерілген мәселе саны аз емес. Әр қайсысына жеке тоқталар болсақ, Алдымен игерілмеген қаржы бойынша, Денсаулық сақтау министрлігі 20 млрд теңгемен көш бастады. Мәдениет және спорт, Ішкі істер министрлігі - 9,3 млрд теңге, Қорғаныс министрі -7,9, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 6,5, Білім министрлігі 6,4 млрд, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10,6 млрд теңгені игермеген.

«Соңғы 8 айдың ішінде жүзеге аспаған конкурс нәтижесінде 16,6 млрд теңге игерілмеген. Оның ішінде конкурс уақытын созу мен дер кезінде өткізбеу басты себеп. Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілердің уақытылы қабылданбауы салдарынан 7 млрд теңге іске аспады. Оған мемлекеттік бюджетті ЖҮЗЕГЕ асыру барысында әкімшілік бақылаудың осалдығы, мердігерлердің белгіленген мерзімде жұмысты атқармауы әсер еткен. Ал, атқарылған жұмыс бойынша, құжаттарды тапсырмау салдарынан 29 млрд теңге игерілмей отыр», - деді¤ Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Осы тұста «Жекешелендіру» мәселесі бойынша Сағынтаев қаржы министрін сұрақ астына алды. Белгілі болғандай 487 нысанның 97 ғана жеке қолға өткен. Қалған 281-нің тағдыры жыл соңына дейін шешілмек. Осы тұста сәтті оңтайлы пайдаланған Ұлттық Экономика вице-министрі жақсы жаңалықтарымен бөлісті. Оның айтуынша, экономика соңғы 8 айда  4,3 пайызға өскен. Сыртқы сауда айналымы 3 есеге артып, өндіріс, сауда-саттық, қаттау және ақпарт пен байланыс салалары жетекші рөлде келеді екен. Экономиканың дамуына IT технологиялардың қосар үлесі аз емес. Осыған орай, Сағынтаев инновациялық технопарктерге құйылған ивнестицияны қайтаруды қатаң тапсырды.

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған шаралар бойынша тоқталар болсақ «Алатау» индустриалдық аймағы, IT технологиялық паркіне құйылған инвестиция қайтуы тиіс. Осыған орай, Ақпарат және коммуникация министрі, Ұлттық экономика министрі мен жергілікті атқарушы органдарына 2 аптаның ішінде жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсер ететін әлеуметтік жоба дайындауды тапсырамын», - деді Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

-Азамат көші-қон саласында да өзгерістер барын естідік? Тереңірек баяндап берсең?

¤Иә, Нұрсұлтан көші-қон мәселесінде сырт елдегі қандастар тарапынан қызығушылық байқалады. Статистика бойынша, күніне виза аштыру үшін 300 жуық өтінім келіп түседі екен. Бұл Сыртқы істер министрлігі бөліскен  жағымды жаңалық болды. Осы тұста Тамара Дүйсенова, үндемей қалмады. Ол көші-қонның жаңа концепциясын таныстырды. Ақпарға сай, алдағы уақытта шетелден келген жұмысшылардың рұқсат қағазы деңгейлеріне қарай 3 айдан 3 жылға дейін созылмақ. Бұл дегеніміз келімсектердің емін-еркін жүруіне, ақша табуына жол ашылады. Сонымен қатар, жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында, оңтүстікте тығыз шоғырланған халықты солтүстікке бұру жоспарымен бөлісті.¤

¤«Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап,  шетел жұмысшыларын тартудағы кедергілерді жою үшін рұқсат қағаздарын жеделдету мақсатында жаңа жоба іске қосылады. Соынымен қатар, 3 түрлі виза рәсімделеді. Бірінші – сырттан  келген қара  жұмысшылар 1 жылға дейін Қазақстан аймағында болуға мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік маңызы бар жобаларға ат салысатын қызметкерлерге 3 жылға дейін рұқсат беріледі», - деді¤ Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА.

Сөз соңында қоса кетейін, премьер-министр барлық облыс орталықтарын ақылды қала форматына ауыстыруға тапсырма берді. Яғни, Алматы, Астана, Шымкент қаласындағы Смарт сити сынды жоба енгізіледі. Жаңа жобаны ақпарат және коммуникация министрлігі әзірлейтін болады. Бұл сандық технологиялардың ойдағыдай дамуына серпін бермек. Нұрсұлтан, әзірге мендегі ақпар легі осындай. Сөз кезегі өзіңде

¤- рахмет. 


Новости партнеров