|
02.09.2016 | 17:08
2377

Депутаттар каникулдан шықты

Депутаттар каникулдан шықты

Оқушылармен қатар, депутаттар да каникулдан шықты. Алтыншы сайланған Парламент осылайша  екінші сессиясын бастап кетті. Әдеттегідей бірлескен отырысқа мемлекет басшысы келіп, алдағы маусымға тапсырмалар жүктеді. 

Президент мемлекетіміздің әнұранын осылайша депутаттармен қосыла айтты.  Аузы жыбырламай тұрғандарға ескерту  де жасап кетті. Осылайша алтыншы сайланған парламенттің екінші сессиясы өз жұмысын бастады. Алғысөзінде Президент халық қалаулыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Демалып, жаңа күш жинап келген мінбердегілерге заң шығаруда былтырғыдай асығыстық танытпауды қадап айтты. 

"Кезек күттірмейтін заңдар,- деп, тез-тез,- деп  заңдардың сапасын жоғалтып алмайық",- деді Қазақстан Республикасының Президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.    

Былтыр заң бекітуден қос палата алдарына жан салмады. Ал биылғы міндет - терроризм мен экстремизмнің тамырына балта шабу.  Өзге елде болып жатқан қаңсық біздің елді де шет айналмады. Осыған қатысты Президент, депуттарға арнайы заңдық күшін қатайтып құжат әзірлеуді табыстады. 




Ең басты нәрсе - елдегі тыныштық, адамдардың қауіпсіздігі деген мәселе. Осыған байланысты Үкімет бірнеше заңнамаға түзетулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр жылдың аяғына дейін. Сол себепті осы мәселелерге назар аударуды сұрады,- деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Сауытбек ӘБДІРАХМАНОВ.    

Парламент бұл халықтық өкілеттік органы. Сондықтан осы қос ғимаратта  қабылданып жатқан барлық заңнама  халық назарына ұсынылуы тиіс. Әуелі жұрттың пікірі тыңдалуы шарт.   Осылайша бұқараны ақпараттандыру мен қоғамдық талқылау кезек күттірмейтін  мәселе.

"Заңдарды  дайындау кезінде енді біз үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жалпы БАҚ-мен жұмыс жасау. Ең бастысы Парламенттің ашық болуын қамтамасыз ету. Осы бағытта жұмыс істеу",- деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәулен ӘШІМБАЕВ.   

Игерілмеген жобаларға ақша беруді тоқтату қажет. Бюджеттен бөлінетін әр тиын қатаң бақылауда болады.  Ал ең бастысы  Үкімет дағдарыс алқымнан қанша  алса да, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуі керек. Зейнетақы, жәрдемақы, шәкіратқалырдың ай сайынғы ретпен төленуін тапсырды Президент.

"Осының барлығын егжей-тегжейлі  қарап, халықтың зейнетақы, жәрдемақы алмай қалмауын қамтамасыз етуіміз қажет. Әлемде қандай дағдарыс болмасын біз еліміздің әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуіміз керек",- деді  ҚР Парламент Сенатының депутаты, Қуаныш СҰЛТАНОВ.   

Жазғы каникулдан кейін сағына қауышқан депутаттар, жаңа маусымда халық игілігі үшін дұмыс істейміз,- деп білек сыбана кірісіп отыр.  Айта кетейік, екінші сессия барысында депутаттар бас-аяғы 50 заңнаманы талқылап, қабылдауы қажет.

 Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, "Алматы" телеарнасы, Астанадан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир