Депутаттар тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті тексеру қажеттігін айтты

29.03.2018 в 08:34

Болған жайтты санамызға мықтап тоқып, содан сабақ алуымыз керек. Мәжіліс депутаттары Ресейде болған өрт біздің елде қайталанбас үшін, тіпті, тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті тексеру қажеттігін айтты.  Сондай-ақ сауда орны қызметкерлерінің алда-жалда болатын апаттарға қаншалықты дайын екенін анықтау керектігін ескертті. Айта кетейік, 25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласында болған оқиға адам көп жиналатын сауда-ойын сауық орындарындағы қауіпсіздік мәселесіне жіті ден қоюға итермеледі. 

«Кемероводағы ауыр қайғыны отандастарымыз өз қайғысындай қабылдай отыра, олар бізде де осындай жағдайлар тек сауда орындарында ғана емес, білім, денсаулық, мәдениет нысандары мен тұрғын үйлер және адам көп шоғырланатын жерлерде орын алуы мүмкін дегенді алға тартуда», - деді ҚР Мәжіліс депутаты Павел КАЗАНЦЕВ.