Алматыдағы саябақтар жақын күндері жаңартылады. Қалалық мәслихат депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған қала бюджетін мақұлдап, басымдықты тұрғындардың жайлылығына берген. Жоспар бойынша, тұңғыш президент атындағы саябақ жуырда жаңа кейіпке еніп, одан әрі ажарлана түспек. Сондай-ақ, шаһардағы ірілі-ұсақ 22 бақты абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленеді. Келесі жылы Алматыдағы 400 ауланы жаңарту жұмыстары жасалады. Жүргінші жолдары көгалдандырылып, қоғамдық орындар құлпырмақ. Одан өзге, қар тазалау техникалары сатып алынбақ. Жаңадан арық жүйелері салынады.