Қостанайда найзағай түсіп, 8 жасар қыз мерт болды

11.07.2018 20:10
Қостанайда найзағай түсіп, 8 жасар қыз мерт болды

Қостанайда найзағай тоғы салдарынан оқушы қыз қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға кеше Қостанай ауданында болған.

«10 шілде күні сағат 20:50-де Қостанай ауданындағы Рыспай ауылында 2010 жылы туған қыз күркіреу разряды нәтижесінде мерт боды», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына Қостанай аудандық орталық ауруханасының 3 қызметкері жұмылдырылды.