25 жастағы қостанайлық 9-қабаттан құлап, мерт болды

11.05.2018 20:44

Қостанай қаласында 25 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты қалалық аурухана қызметкерлері растады. 25 жастағы қыз тұрғын үйдің 9-қабатынан құлап кеткен. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Қыздың құлап кеткені туралы көршілері хабар берді. 

Облыстық ІІД бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.  

 

Толық көрсету