Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы қызу талқылануда

20.02.2017 16:08

Жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік - ең басты қару. Әлемдегі ақпараттық қатерлерге қарсы тұру арқылы Еліміздің үшінші жаңғыруы қызу талқыланудаЕліміздің үшінші жаңғыруы қызу талқылануда индустрияландырудың ғаламдық үдерісіне қосыла алады. Бұл Елбасы жолдауында да айтылған бағыттардың бірі. Халықаралық ақпараттық-технологиялық университетінде талқыға түскен жолдауда ақпарат қауіпсіздігін жетілдіру қажеттігі айтылды.

«Біз ақпарат алмасудың әлемдік жүйесіне кіреміз. Олай дейтініміз ғаламтор арқылы бір-бірімізбен байланысқа шығамыз. Осы ретте ақпарат қауіпсіздігін ескеруіміз керек. Ғылым бір жерде тұралап қалмайды. Сол себепті түрлі кибер шабуылдарға төтеп беру үшін нақты бағдарлама ойлап табуымыз қажет. Елімізде бұл шаралар түрлі заңдарда көрініс тапқан. Дегенмен, оны жетілдіру үшін қазір тиісті ведомоствалар тұжырымдама дайындап жатыр»,- деді ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі, Дмитрий ГОЛОБУРДА.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі бұдан кейін азаматтық авиация академиясында болып, Жолдаудың қыр сырын студенттерге түсіндіріп берді. Кибер қауіпсіздікке байланысты тұшымды ойларымен бөлісті. Ол кибер қылмыс уақыт өте кең етек алып келе жатқанын айтты. Елбасының халыққа жолдауында да  кибер қалқан құрып, ақпаратты қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қадам жасау туралы нақты айтылған.