|
02.07.2018 | 13:07
1143

Жалған кәсіпкерлер: Алматыда биыл 11 қылмыстық іс қозғалды

 Жалған кәсіпкерлер: Алматыда биыл 11 қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жыл басынан бері алкоголь өнімдерін дайындайтын 5 астыртын цех анықталған. Нәтижесінде 280 мың бөтелке айналымнан алынып тасталды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді. Экономикалық тексеру барысында қалада тарихи маңызы зор XIV-XIX ғасырлардағы литографикалық кітаптар анықталған. Олардың бағасы 261 миллион теңге. Сонымен қатар құны 1 жарым миллион теңгеден асатын Пабло Пикассоның картинасы тәркіленді. Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары 5 айдың ішінде қазынаға 2,8 миллиард теңге қайтардық,- дейді.

«Көлеңкелі бизнес көбіне халық көп тұтынатын тауарларда байқалады. Биыл 11 қылмыстық іс қозғалды. Ал салық төлемейтіндерге қатысты 31 іс сотқа жолданды. Қала қазнасынан ақша жымқырған топта құрықталды. Тергеп, тексеру амалдары жүріп жатыр. Біз көлеңкелі бизнес саласына тексеруді күшейтеміз»,-деді Алматы қаласы МКД экономикалық тергеу қызметі көлеңкелі экономикаға қарсы күрес басқармасының бөлім жетекшісі Дәурен ОРАЗҒАЛИЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир