Жамбыл облысында жел күшейіп, үсік жүреді

11.09.2018 20:37

Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«12 қыркүйек күні түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде үсік жүріп, топырақтың үстіңгі қабаты қатқалақ болуы мүмкін. Ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. 12 қыркүйекте тәулік бойы жел солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Кей жерлерге тұман түседі», - делінген хабарламада.


Теги: үсік