Жамбыл облысында мешіттегі қайырымдылыққа жинаған қаражат қолды болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында сұғанақ мешіттегі қайырымдылыққа жинаған қаражатты қолды қылды. Ұрлықшының бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Ол тұрғындардың екі ай бойы жинаған қаржысын міз бақпастан қалтасына басты. Оқиға 4 тамызда Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық ауылында болыпты. Алайда, тұрғындар ақша тұрған жәшіктің бос екенін тек өткен аптаның ортасында ғана біліпті. Қазір құзырлылар видеоны тексеріп, ұрлықшыны іздестіріп жатқан көрінеді. Ал мешіт имамы арыз жазудан бас тартыпты. Белгілі болғандай, бұл мешіт осымен үшінші рет тоналған екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37