Жаңа 500 теңгедегі суреттің барлығы отандық дизайнерлердің қолымен салынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық банк басып шығарған 500 теңгелік банкноттағы шағаланың «авторынан» ресми хат түспеген. Швейцариялық фотограф Марсель БурКхард авторлық құқығын талап етпеді деді бас банктің өкілдері. Қаржы мекемесінің мамандары жаңа 500 теңгедегі суреттің барлығы қазақстандық дизайнерлердің қолымен салынғанын алға тартады. Қаржы ұйымы, суретші хабарласып, "шағала суретінің авторы» менмін деп даулап жатса, оның хатын заңнамалық тұрғыда қарастыруға дайын екендіктерін жеткізді. Айта кетейік, айналымға шыққан жаңа 500 теңгеде бейнеленген құстың суреті үшін швейцариялық фотограф Ұлттық Банктен өтемақы талап еткен еді. Әйтсе де, ол бүгінде әлеуметтік желідегі бұл жазбасын да өшіріп тастаған көрінеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34