Жаңа жинақтың тұсауы кесілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен этнологиясы жайында мақалалар топтамасы кітап ретінде жарық көрді. Астанада ұлтымыздың болмысын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпы мен шетелдегі қазақ диаспораларының өмірін айшықтайтын жинақ көпке таныстырылды. Кітап беттерінен елімізге белгілі этнографтар, жазушылар, журналистер мен белгілі ғалымдардың баспасөз беттеріне әр жылдары жазған мақалаларын табуға болады. Кітаптың таралымы 500 дана. Егер қоғам тарапынан, әсіресе, шеттегі қазақтардан сұраныс көбейсе, тираждың санын көбейтуге дайынбыз, дейді құрастырушылар.

«Өте қызық нәрселер бар. Білім ошақтарына Білім министрлігінен, Үкіметтен жақсы ұсыныстар түсіп жатса, осы кітапты насихаттау әрі қарай жалғасады деп ойлаймын. Өйткені біздің ұмытылып кеткен тарихымыз жақсы, көп жазылған. 500 тираж қылдық. Болашақта көбейтеміз», - деді жинақ құрастырушы Оралбек БОТБАЙ.



Новости партнеров