Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысының тұрғындары үйлі болды

Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысының тұрғындары үйлі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана маңындағы қосшы ауылында жаңа пәтерлер табысталды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғызылған баспана су тасқынынан зардап шеккен Шнет ауылының азаматтарына берілді. Жыл сайын табиғаттың тосын мінезінен азап көретіндерді жергілікті билік елордаға жақын орналастырды.

Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысы Целиноград ауданының бірқатар азаматтары қоныс тойын тойлайды! Су жаңа пәтер кілтіне Астанадан 70 шақырым орналасқан Шнет ауылының тұрғындары қол жеткізді.

«Бұған дейін Шнет ауылында үй жалдап тұрып келіп едік. Бізде су тасқыны болды. Қазір үш бөлмелі үйге көшеміз. Өте ризамыз», - деді  Жанар ӘБДІРАХМАНОВА.

Шнет ауылының тұрғындарын су тасқыны жыл сайын әбден ығырын шығаратын еді. Биыл көктем де де сол.  Тағы бір төтенше жағдайдан кейін, жергілікті билік ауылдықтарды Астанаға жақын орналасқан Қосшы ауылына көшіру туралы шешім қабылданған. Ақпан айында  шенеуніктер құрылыс компаниясымен келісімшартқа отырып, барлық жұмыстарға 400 миллион теңге бөлді.

«Аз уақытта үйдің қабырғасы көтерілді. Оның сапасын өзіңізде көріп отырсыз. Жылу бар. Барлық керекті жүйе іске қосылған. Тоқ пеші де қойылды. Суық суды жылытатын да құрылғы да бар», - деді Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі Малғаждар ТӘТКЕЕВ.

Жаңадан баспаналы болған Жанар Әбідрахманова  әкімді де дастархан басына шақырды. Ол енді өмірін қызық өткізіп, бақытты ғұмыр кешетіндігіне сенімді. 

Мұндағы билік енді табиғат көрсеткен тосын сыйға, яғни су тасқынына қарсы жұмыла қарсылық танытамыз дейді. Оның үстіне, жоғарыда аталған жағдайлар қайталанбас үшін қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жасалатын болады. 

Новости партнеров