Жаңа жылдан бастап жаңа салынған үйге техникалық шарттар алу жеңілдейді

29.12.2017 22:33

2018-ші жылдан бастап жаңадан салынған үйге техникалық шарттар алу жеңілдейді. Нақтырақ айтсақ, электронды жүйеге ауысады. Енді тұрғындар қат қабат қағаз толтырып, аталмыш құжатты алу үшін кезекке тұрмайды. Мұндай жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан әлем бойынша электр желілеріне қосылуды оңтайландыру бойынша 70-ші орында екен.

«Біз әр ауданды базаға кіргіздік. Осы саламен айналысытын адамдарды оқыттық. Программаны ішіне енгіздік. Алда бұйыртса жаңа жылдан бастап, онлайн арқылы жұмыс істейтін болады. Ол үлкен жұмыс», - деді  "Алатау жарық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мұхит ҮМБЕТОВ.