¤Күн сайын құбылған бензин бағасы тағы қымбаттайды. Сарапшылардың айтуынша, жанармай құны 165 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бағаның өсуі – қалалық қоғамдық көліктердің қалтықысыз қызмет етуіне кері әсерін тигізеді. Автокөлікшілер одағының басшылары болса, күтпеген қымбаттаулар мен қаржының тапшылығынан автопарктер қысқа дайын емес дейді. Сонымен, бензин құнының қымбаттауына не себеп?
- Әмірболат, бағаның тұрақталатын түрі бар ма?
¤Қыркүйек кетіп, қазан айы бастала жанармай құны да бірден 3-5 теңгеге көтерілді. Бағаның қымбаттауына жаңа себеп жоқ. Басты уәжі, ресейдегі жанармай отынының өсуімен тікелей байланысты. Ал Қазақ елі ішкі сұраныстың 38-40 пайызын Беларусь пен Ресей елдерінен тасиды. Сонымен қатар, мұнайлы ел атансақта Павлодар, Шымкент және Атыраудағы мұнай зауыттары қара алтынмен толық қамтамасыз етілмей отыр.
¤«Ресей, Беларуста тіпті біздің елімізге қарағанда жанармай құны 20-25 пайызға қымбат. Тасымал құнын есептемегеннің өзінде оларда бензин 5-7 пайызға қымбаттады. Соған байланысты сыртан келетін бензин болғандықтан біз оларға тәуелдіміз. Біз Қазақстандағы мұнайдың тек 3/1 ғана біздің үкімет басқарады. Қалғаны үлкен тарнсұлтық компанияларыдң иелігінде», - деді сарапшы Тоқтамыс МЕНДІБАЕВ.
¤Жанармай құю бекеттерінде АЙ-92 бензині 150-151 теңге аралығында сатылғанмен, көбі ақшаның орнына талонды талап етеді. Ал маркасы жоғары бензиндердің бір литрі 182 теңгеге дейін жетіп отыр. Жүргізушілердің көбінде талон болмағандықтан, олар амалсыз қымбат бензинді құюға мәжбүр.
¤¤- Әмірболат, бензин бағасының қымбаттауы қоғамдық көліктерге әсер ете ме?
¤Сен айтқан сауалды осы салаға жауапты адамдарға қойдық. Қаладағы 18 автобус паркінен күніне шамамен бір мың екі жүзге жуық көлік Алматы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ал, Автокөлікшілер Одағының бас директоры болса «жаңдай мәз емес», - дейді. Айтуынша, қысқы дайынлада алмай жатқанда, жанармай құнының жоғарыға жылжи беруі сапалы қызмет көрсетуге тікелей кері әсерін тигізіп жатыр.
¤«Саймандарын ала алмай, жөндеу жұмыстарын жүргізе алмай жатырмыз. Біз күніне жанармайға 10 миллион 500 мың теңге жұмсаймыз. Ешқандай қорымыз жоқ. Күндіз тапқан ақшамызды жанармай алып тұруға жұмсаймыз. Арзан алып қоюға мүкіндігіміз жоқ», - деді Қазақстан Республикасы автокөлікшілер одағының бас директоры¤Сәбит АМАНБАЕВ.
«Арзандатылған бағамен жанар-жағармаймен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ете алмаймыз. Үш автопарктің автобустары газбен жүреді. Оның сыртында 160 троллейбус тоқпен жүреді. Тапшылығы жоқ. Бағасы қымбаттауы бар. Ол әрине өзінің әсерін тигізеді», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.
Елдегі бензин құнының қымбаттауына қатысты бүгін еліміздің Энергетика министрілгі жиын өткізіп, қордаланған бірқатар сауалдарға жауап берген еді. Олардың айтуынша, Ресейден бензин импорттайтын компаниялар үшін 151-155 теңге қалыпты. Алдағы уақытта баға 157 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал әр өңірдегі қоймадағы жанармайдың жалпы қоры кейбір аймақтарда 15 күнге ғана жетеді.
¤«Қазақстан бойынша шығарылатын өніміміз биылғы тоғыз айда 12 пайызға өсті, яғни 194 мың тонна бензинді артық шығардық. Соған қарамастан, тұтыну көлемі 2 миллион 480 мың тоннаға жетіп, тоғыз айда 154 мың тоннаға жоғарылады. Енді жаз айларында Ресейден Қазақстанға сатып отырған бензин бағасы шекарада 517-ден 555 долларға дейін қымбаттады. Ал, үш айдың ішінде доллар бағамы 312-ден 340 теңгеге дейін, яғни 16 пайызға өсті», - деді Қазақстан Республикасы энергетика министрінің орынбасары Әсет МАҒАУОВ.
¤Сарапшылардың айтуынша, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында елімізде мұнайды өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға кем өндірілген. Әрі, қара алтынды экспорттау 4 пайызға жоғарлаған. Бұл да өз кезегінде құнның қымбататуына әсер етеді. Қазір Қостанай обылсында АЙ-92 марксы бензиннің бір литрі 155 теңгеге жеткен. Бірақ, бұл соңғы көрсеткіш емес. Жағдайды таразыға салған сарапшы бензиннің бағасы жыл соңына дейін 160-165 теңгеге жетіп бірақ тоқтауы мүмкін деп отыр.
¤Рахмет! Бізбен тікелей байланысқа шығып, жанармай бағасына қатысты ақпарат берген әріптесім Әмірболат Құсайынұлы болатын.