Жанармай құнының құбылуы Үкімет басшысының шымбайына батты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жанармай құнының құбылуы Үкімет басшысының шымбайына батты. Бақытжан Сағынтаев күн санап шарықтап жатқан отын бағасын ауыздықтауды Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жүктеді. Өйткені, бензиннің құны өссе, онда азық-түлік те қымбаттамақ. Жанармайдан бөлек, өңірлерде көмір бағасы да аспандап тұр. Қыстың көзі қырауда болғандықтан, оны алушылар көбейген.

 

¤Қазақстандық жанар-жағармай нарығындағы ресейлік үлес желтоқсан айына қарай 20 пайызды құрайтын болады. Оған еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауыттары септігін тигізбек. Күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі бензин бағасы болды. Соңғы уақытта осыған байланысты қоғам арасында түрлі қауесеттер пайда бола бастаған. Үкімет басшысы Энергетика министрінен мұның себебін сұрады.


¤Қанат Бозымбаев қараша айында АИ-92 жанармайының импорт үлесін 30 пайызға, желтоқсанда 20 пайызға төмендейтінін мәлімдеді. Ал оған дейін жүргізушілерге «тал қармай тұру керек» дегенге сайды ойы.  


«Біздің пайымдауымызша, қараша-желтоқсан айларында жағдай бір қалыпқа түседі. Дизель отынына қатысты айтар болсақ, жанармай құю бекеттерінде қаңтар айынан бері оның құны 13 пайызға өсті. Шекарадағы көтерме бағасы да 6 пайызға көтерілген», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.


Ал Ұлттық экономика министрлігі бензин бағасының өсуі, инфляцияның күшеюі кей тауарлардың, әсіресе азық-түлікке тигізер әсеріне тоқталды. Айтуынша, құнның құбылуы - тауарлардың қымбаттауына алып келеді. 


«Наурыз-қыркүйек айларындағы инфляцияның біршама тұрақтануына қарамастан, жыл аяғына дейін бірнеше фактордың әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін. Олар: мезгілге байланысты, мейрамдар қарсаңында, дәстүрге сай төртінші тоқсанда жеміс-жидек пен ауылшаруашылығы тауарлары бағасының өсімі байқалады», - деді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.


Ведомоства басшысы жылыту маусымына байланысты кей өңірлердегі көмір бағасының өсуіне де тоқталды. Оның айтуынша, Астана қаласының өзінде көмір бағасы 19 пайызға, Алматы облысында 16,4 пайызға, Ақмола облысында 10,6 пайызға күрт өссе, басқа аймақтарда қалыпты деңгейде екен. 


Новости партнеров