Жанармай тапшылығы жыл аяғына дейін реттелмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жанармай тапшылығы  жыл аяғына дейін реттеледі. Ал бұл өз кезегінде бағаның әрі қарай шарықтауына себеп болуы ықтимал. Еліміздің мұнай өңдеу зауыттары АИ - 92 маркілі бензин көлемін арттыру мақсатымен 95-80 маркілі жағармай өндіруді азайтқан. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. Сонымен қатар, шенді тапшылықтың өзге де тұстарына тоқталып өтті. Сөзіне сенсек, Ресейден келетін импорт жазда екі есеге төмендеген. Көктемде 85 - 90 мың тонна көлемінде жағармай сатып алынса, жазда көрші ел бензинді 40 мың тоннаға дейін қысқартыпты. Екіншіден, бірнеше мұнай өңдеу зауыттары қайта жөндеуге жабылған. Вице-министрдің ойынша жанармай тапшылығына дәл осы жайт түрткі болған.


«АИ-92 маркілі бензиннің тапшылығы қыркүйек айында басталған. Біз оны білдік. Себебі, Атыраудағы зауыт жөндеуде тұрды. Сонымен қатар, 20 қыркүйекте Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында да жаңарту жұмыстары қолға алынды. Осыған орай, АИ-92 бензинін артық өндіруді қолға алдық. Қазірге 14 мың тоннаға жетіп отыр», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Әсет МАҒАУОВ.

Сонымен қатар, казір Қазақстанда көмір де тапшы. Орталық Қазақстанда өндірілетін көмірге сұраныс сейілмей отыр. Жауаптылардың сөзінше, бұған қардың ерте түсуі себеп болды. 


Новости партнеров