Алматыда алдағы күндері ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер ыстық ауа-райы қанша уақыт сақталады деп отыр? Алматы қаласы бойынша Қазгидромед филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосова ауа райына қатысты өз болжамдарымен бөліседі.
Алдағы екі тәулікте, шілде айының 10 және 11-і күндері осындай аптап ыстық, ашық ауа райы сақталады. Ауа температурасы бойынша түнде 20-25 градус байқалса, күндіз 33-38 градус шамасында болады. Ал содан кейін, 12-13 шілдеде циклонның келуіне байлынысты Алматыда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы сәл бәсеңдейді, түнгі температуралар 18-23 градус болса, күндіз 30-35 градусқа дейін көтеріледі.
Негізінде, Қазақстанның ауа райын қазіргі уақытта ауқымды антициклон анықтап жатыр. Соған байланысты, біздің көптеген өңірлерде: Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында осындай ыстық ауа райы орнығып, 40-45 градусқа дейінгі ауа температурасының жоғарылауы байқалуда.
Жалпы, шілде айы осындай аптап ыстықпен басталды, бірақ арасында, бірінші он күндікте өткінші жаңбырлар жауып тұратындықтан ондай қатты ыстық емес, бірқалыпты жағдай байқалатын болады.