Қалалық жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары парақорларды қылмыстық жауапкершілікке тартуда. Алғашқы үш айда департамент 46 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтаған. Өткізілген сараптама бойынша, жемқорлыққа көп жол беретіндер - Ішкі істер органдары, жеркілікті атқарушы билік өкілдері мен кірістер комитетінің құрылымдары екені анықталған. Ең бастысы, жауапқа тартылған жемқорлар лауазымы мен қызметтік статусына қарай бөлінбейді. Өйткені, заң бәріне ортақ.
«2018 жылдың бірінші тоқсанында департамент 46 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Олардың дені Ішкі істер органына - 14 іс, жергілікті атқарушы билік өкілдері бойынша - 7 іс және мемлекеттік кірістер комитетіне қатысты 4 дерек тіркелді. Нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке 25 лауазымды тұлға тартылды», - деді ҚР Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ержан ЫБРАИМОВ.