Алаяқтар «пәтер алып береміз» деп астаналықтарға хабарлама таратуда

Алаяқтар «пәтер алып береміз» деп астаналықтарға хабарлама таратуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана әкімдігі мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетін алаяқтардан абай болуға шақырады. Олар пәтердің бөлінгендігі туралы СМС хабарлама тарататын көрінеді. Ал жауапты орын тізімнің алдын ала жасалғанын және азаматтармен бетпе бет жұмыс жасайтынын жеткізді. Тұрғын үй басқармасына жүгінген астаналықтар тізімде жоқ немесе үй кезегі әлі келмеген екен. Айта кетейік, биыл үй кезегінде тұрған астаналықтарға коммуналды тұрғын үй қорынан 255 пәтер қарастырылған. Су жаңа баспаналар «Нұрлы жол»  жол вокзалы аумағында орын тепкен.

«Пәтер алуға қажетті құжаттарды толтырғанда, ол екі данамен жасалады. Біреуі азаматта, екіншісі басқармада сақталады. Бізге келіп түскен мәлімет бойынша, кейбіреулер ватсап мессенджері арқылы келісім-шарттың көшірмесін жіберуді өтінеді екен. Біздің жұмысымызда оған жол берілмейді. Тек бетпе-бет кездесу арқылы жүзеге асады», - деді Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Мира БАЙСҮГІРОВА.


Новости партнеров