Шымкенттегі жылыту қазандығын орнататын мамандар Германиядан арнайы шақырылған. Кейін жергілікті жұмысшыларға үйреткен. Қазір қазандықтың жұмысына Асқар Алтынбеков жауап береді. Айтуынша, әкімшілік іскерлік орталығындағы 61 үйге ыстық су беру үшін бір қазандықтың жұмысы жеткілікті, деп хабарлайды otyrar.kz.
Ол 38 гекоколория жылу береді, арнайы резервуарға жиналатын 65 тонна су тұтынушылардың қажетілігіне жарайды дейді. Шымкент қаласына және бір осындай қазандық салынса, шымкентіктер қыстың күні мүлдем тоңбайды, дейді маман.
Асқар Алтынбеков, шебер: «Мұнда су жабық жүйенің ішінде айналып жүреді. «Жылуорталық 3» мекемесі суды бумен ысытады. Ал біз суды жылыту арқылы жылу аламыз. 5 мың тонна су бізге жеткілікті».
Бүгінгі таңда қаладағы 395 шақырымдай жылу жүйесін сығымдаудан өткізіп, су толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші мамырға дейін осы жұмыс толығымен аяқталады, әзірге құбырлардың 60 пайызы суға толтырылған. Ал көпқабатты үйлерді келесі жылу маусымына дайындау басталып кеткен. Орталықтандырылған жылу қазандығынан жылытылатын 2 мыңға жуық үйдің тең жартысы жылу жүйелерін қысқа дайындауға ешқандай мекемемен келісімшартқа тұрмаған.
Пердебай Сәбитов, бас инженер: «Біз газетке хабарлама жасадық. Тұрғындарға да түсіндіріп жатырмыз. Тез арада қызмет көрсететін КСК — мен келсім жасаулары керек».
«Жалпы өткен жылыту маусымы қалалықтар үшін сәтті аяқталды. Бүгінгі таңда «Жылуорталық 3» мекемесі жазғы жөндеу жұмысына тоқтады. Сол себепті осы мекемеден ыстық су алатын 200 көпқабатты үйдің тұрғындары ыстық сусыз қалды. Бұл жоспарлы жұмыс» дейді мамандар.