Жол ережесін бұзғандар айыппұлды оқиға орнында тұрып-ақ төлей алады

Жол ережесін бұзғандар айыппұлды оқиға орнында тұрып-ақ төлей алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жол ережесін бұзғандар айыппұлды оқиға орнында тұрып-ақ төлей алады. Бұл «Смарт пос» электронды төлем жобасының жеткен жетістігі. Биылғы жылдың маусымында іске қосылған жобаның артықшылықтары мен жас өнертапқыштарға мемлекет тарапынан қандай көмек бар.

Жас өнертапқыштар «Смарт пос» жобасын жүзеге асыру үшін біраз уақыт тер төккен. 6 ай ішінде Астана, Алматы сияқты ірі шаһарларда 6000 пос терминал сатылған. Бұл жоба осы сынды басқа онлайн терминалдардан 10 есе арзан әрі мобильді. Бар болғаны мобильді қосымшаны жүктеп алып, «Смарт пос» картасындағы штрих кодты тіркеп, ары қарай төлем картасы туралы ақпаратты енгізу керек. Осы әдіспен айыппұл, балабақша, медецина қызметтерінің ақысын төлеуге болады.

«Әкімшілік, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қатысты ұйымдастырылатын түрлі конференцияларға жиі қатысамыз. Осындай жиындардың арқасында кәсібімізге қолдау тауып, керекті адамдармен байланысқа шығамыз. Қазір мемлекет көп көмектесіп жатыр», - деді жоба директоры Олжас ҚҰНДАҚБАЕВ.

«Даму» қоры мен Алматы қалалық әкімшілігі жылдың басынан бері жас өнертапқыштар дайындаған 130 жобаны мақұлдады. Солардың бірі - шаһар ойын-сауық орталықтарының бірінде орналасқан виртуалды мұражай. Бұл жобаға қала әкімдігі 3 миллион теңге көлемінде гранттық қаражат бөлген. Сондай-ақ тың идеяларды қаржыландыру үшін төмен пайызбен несие беріледі.  Жас кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктар арқылы 20 миллион теңгеге дейін несие алса, оның 85 пайызына «Даму» қоры кепіл болады.

«Банк маманы мен біздің маман жылына бір рет сол жобаларға шығып қарап бізге есеп береді. Сол ақшаны алып, қайда жұмсады, қанша жұмыс орыны ашылды, қанша салық төленді соның бәрі бізге қағаз жүзінде, сол обьектіге бару арқылы тексереміз», - деді Алматы қаласы бойынша «Даму» қорының менеджері Лаура ОРАЛТАЕВА.

Жас кәсіпкерлерге берілетін несиенің жеңілдік мерзімі бар. Яғни, бір жарым жыл бойы тек, бекітілген пайызын ғана төлейді. 


Новости партнеров