Димаш іспеттес талантты Қазақстандықтар (1 бөлім)

01.07.2017 20:44

Осыдан жарты жыл бұрын аспан асты елінде өткен «Мен әншімін» байқауына қатысып, Қазақстанның атын бүкіл елге танытқан Димаш Құдайберген болатын.

Ал, елімізде де Димаштан қалыспайтын оқушы, студент, құрылысшы, әскерлерде, көлік жүргізушілері де тағысын тағы ән орындайтын талантты адамдар бар. Олар жанды дауыста ән орындап, әлеуметтік желілерде тыңдармандарының көзайымына айналған. Осылардың арасынан біздің редакция сіздерге  ән орындаушылардың бесеуін ұсынып отырмыз.

Мади Аманбаев – Жезқазғандық 11 жасар бала өмірде Димаш пен Ресейдің әншісі Витастан басқа ешкім орындамаған «Опера 2» әнін айтып бүкіл әлеуметтік желіні жарды. Әп-сәтте еліміздің жұлдыздарының қатарынан табылды десе де болады. Мади 9 жасынан бастап өнерге бет бұрған. Оның арманы болашақта атақты әнші болу екен.



Дәулет БолатовИнстаграмда 286 мыңнан аса оқырманы бар алматылық талантты жас жігіт.



Алмат Қамбаров – Бұл жас жігіт фейсбукта тікелей эфирде пианиномен ән орындап, халықтың сүйіктісіне айналды. Бір рет эфирге шығу арқылы 10 мыңдаған тыңдарманды жинап, халықтың мақтанышына айналды.



Ал, енді мына дарынды, таланттылар бізге әзірше таныс емес, бірақта болашақта бұларда еліміздің мақтанышы боларына кәміл сенеміз.





Бұл біздің соңғы жасаған шолуымыз емес, алдағы күндері жалғасы болады, күтіңіздер.