Қазақстанда қоғамдық ортада адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін, яғни бетті тұмшалайтын киімдерге тосқауыл қойылуы мүмкін. Сонымен қатар, діни тұрғыдағы әдебиеттер кәмелеттік жасқа толмағандарға сатылмауы ықтимал. Өзгеріс мемлекеттік қызметкерлерге де қатысты болмақ. Яғни, жұмыс барысында діни рәсімдерге қатысуға шектеу қою көзделіп отыр. Бұл жаңашылдықтар дін туралы заңға енетін өзгерістерде қамтылған. Айта кетейік, жақында еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев шетелдік дипломаттармен арнайы кездесу өткізген еді. Бұл отырыста министр заңның неге қатаңдатылып жатқанын түсіндірген. Заңдағы кейбір нормаларды анықтау үшін біз мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов мырзамен тікелей байланысқа шықпақпыз.
-Қайырлы кеш Айдар Парқұлұлы! Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев шетелдік диломаттармен кездесуі барысында дін туралы заңға біраз өзгерістер енетінін айтқан болатын. Демек, кей тұстарда шектеу де қойылуы ықтимал. Заң жобасындағы осы өзгерістерге нақтырақ тоқтала кетсеңіз?
-Иә, рас қәзіргі таңда дін саласында мемлекеттік концепция қабылданып тұр. Осы концепцияны жүзеге асыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарлануда. Оның бәрі орындалып, қазіргі уақытта дін саласында экстремизммен және терроризммен күрес жұмысы нақтылайды десек дұрыс айтамыз.Нақтылайды және де оның себептерін жоюға бүкіл іс әрекеттері жасалады.
-Белгілі болғандай, Қазақстанның террорлық, лаңкестік әрекеттермен күресудің өзіндік жолы бар. Заңдық тұрғыда бұл қалай жүзеге асады. Толығырақ айтсаңыз?
-Бұл мәселеде де мемлекеттік саясат жасалынып жатыр. Бұл концепцияның іске асырудағы бірнеше жоспарлар, әрекеттер жасалынуда. Қазақстанның өзінің жолы бар. Ол қауіпті дерттен жинақталған тәжірибесі. Осыған сүйеніп, алдауы уақытта толық тосқауыл қоюға, әрі оның себептерін жоюға барлық әрекеттер жасалынады. Оның барлығы қазір заң жағынан іс жүзінде орындалады.
-Рахмет Айдар Парқұлұлы. Байланысқа шыққаныңызға.