Елімізде қағазбастылық қысқармақ

Елімізде қағазбастылық қысқармақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қағазбастылық қысқарады. Бұдан-былай көлік тізгіндеген азаматтар құшақ-құшақ құжаттарын алып жүрмейді. Тек өзімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті. Ал жолда тоқтатқан полиция қызметкерлеріне планшет арқылы орталық базада барлық мәліметін көруге мүмкіндік беріледі. Сол мәселені Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен еліміздің Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы комитетінің төрағасы Бағдат Мусин талқыға салды. Бұл бастаманың пилоттық жобасы қазір іске асуда. 

«Біз полиция қызметкерлерін толыққанды бұл құрылғымен қамтамасыз етеміз. Бұл жемқорлықты жоюға бірден бір оң әсер етеді. Ережені бұзған жүргізушінің мәліметі орталық базаға түседі. Егер азамат айыппұл ақысын сол сәтте төлейтін болса, 50 пайыз жеңілдік жасалынады. Ал электронды төлем жасай алмаса, жақын жердегі банкке барып есеп айырысуына болады»,-деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Бұдан кейін жұмыс тобы «инновациялық технологиялар паркіне» арнайы старт-ап жобалармен танысу үшін барды. Онда 10 шақты айти компания мен 15 жаңа жоба авторлары өз жұмыстарын жүргізуде. Олардың басым бөлігі шетелдік мекемелермен бәсекеге қабілеттілігін танытып үлгеруде. Мәселен, мұнайгаз, металлургия саласы, сондай-ақ машина жасау өнеркәсібін дамытуға мықтап кіріскен. Енді қаланың инфрақұрылымының дамуына да үлес қосқылары келетіндіктерін жеткізді.

«Біз смарт сити жобасына нақты экономикалық жағынан жақсы нәтиже көрсететін дүниеге қаражат саламыз. Жұмыс барысын оңтайландыру маңызды. Қаржылық қолдау алған  барлық компания оны тиімді игеруге міндетті»,-деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.





Новости партнеров