|
17.11.2016 | 12:19
1966

«Батут» компаниясының басшысы қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кете алмайды

«Батут» компаниясының басшысы қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кете алмайды


«Алматы тауерс» ғимаратындағы өртке кінәлі деген күдікпен ұсталған Дәурен Тұяқов марқұмдардың туыстары кешірім берсе де, қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кете алмайды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыстық Кодекс бойынша, «абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болған» күдікті кешірімге қарамастан абақтыға жабылады. «Батут» компаниясының басшысы Дәурен Тұяқов дәл осы бап бойынша айыпталып отыр. Сот санкциясына сәйкес, ол 2 айға қамауға алынған. Тергеу амалдары аяқталғанша, темір торда отырады. Дәурен Тұяқовтың ұсталуы осыдан 4 күн бұрын белгілі болған еді. Күдіктінің айыбы дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Күдікті Дәурен Тұяқовқа қатысты қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша іс қозғалған. Сот санкциясымен ол 2 айға уақытша тергеу абақтысына қамалды. Күдіктінің айыбы дәлелденсе, кемінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Диас МАХАМБЕТОВ.

Қаперде болса, «Алматы тауерс» ғимараты осыдан 11 күн бұрын өртке оранған еді. Тілсіз жау «Батут» компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жерде тұтанған. Салдарынан 6 адам қаза тауып, олардың туыстарына бизнес орталығының басшылығы 3 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсеткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир