Алматыда алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге қайырымды жандар қол ұшын созды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен толық емес отбасылардың балаларына дәптерден бастап мектеп сөмкелеріне дейін қажетті құрал-жабықтар берілді.
Игі шара осы жолы Бостандық ауданында ұйымдастырлып, демеушілер әзірге 100-ден астам жасөспірімге базарлық ұсынды. Оқу жылы басталғанша, қолдау арта бермек.
«Қыркүйекке дейін жалғасын табады. Қазір 100 балаға көмектесейін деп отырмыз. Оның ішінде біздің кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер көмектесіп жатыр. 856 жанұя өздерінің аз қамтылған отбасы екенін көрсете алмаған, анықтама тапсырып үлгере алмаған отбасылар да бар. Сол 856 адамды біз қамтимыз. Қазір сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз», – деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан БАЛБАЕВА.