Маңғыстауда қарақұрт шаққан екі адам ауруханаға түсті

Маңғыстауда қарақұрт шаққан екі адам ауруханаға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірінші оқиға 16 тамыз күні, екіншісі 21 тамыз күні орын алған. Қарақұрт уынан зардап шеккен екі адам да Маңғыстау облыстық ауруханасының (МОА) токсикология бөлімінде жатыр, науқастардың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды lada.kz.

Алғашқы зардап шеккен адам – 2003 жылы туған жасөспірім екен, ес-түссіз халде жатқан оны 16 тамыз күні сағат 11:56-да облыстық Жедел жәрдем кардиобригадасы Таушық ауылынан МОА жансақтау бөліміне жеткізген.  

Қарақұрт шаққан екінші адам – 1992 жылы туған ер адам, ол 21 тамыз күні сағат 12:00-де Приморский ауылынан өзі Жедел жәрдем шақырған.  

Маңғыстау облыстық ауруханасының өкілдері хабарлағандай, қарақұрт уынан зардап екі адам да токсикология бөлімінде жатыр, қазір екеуінің де жағдайлары тұрақтанған.  


Новости партнеров