Жетісу ауданында төтенше жағдай орын алды. Басқарусыз вагон рельстен шығып кетті. Анық болғандай екеуі де жүк вагоны екен. Темір жолдан шығып кеткенімен қоймай, сол маңдағы жанармай құю станциясына тіреліпті. Оқиға орын алған жерге жақын орналасқан үйлердегі 30-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Сонымен қатар, қаланың барлық қауіпсіздікке жауапты мекемелері жұмылдырылып, арнайы штаб та құрылған екен. Қазір жолдан шығып кеткен жүк вагонын алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.