Кеше Үлкен Алматы көлі аумағында екі Испания азаматшасы жоғалып кеткен. Абырой болғанда, қыздарды Жедел құтқару тобы ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«26 тамызда 16.09-да Алматыда республикалық жедел құтқару жасағына Үлкен Алматы көлі аумағындағы шыңда екі қыздың жоғалғандығы туралы қоңырау шалынған. Сағат 16.24-те республикалық жедел құтқару жасағының тобы, ішінде кинологтар да бар, қыздарды іздеу үшін оқиға орнына шұғыл аттанды. Сағат 18.06-да туристер табылып, оларды таудан түсіру жұмыстары басталды. Арада 50 минут өткенде шетелдіктер қауіпсіз жерге жеткізілді», – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Испания азаматшаларын көліктеріне дейін апарған, оларға медициналық көмектің қажеті де болған жоқ.