Алматыда Саин көшесінің бойында белгісіз бір көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik агенттігі қалалық құқық қорғау органдарының хабарламасына сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ер адам жаяу жүргіншілер көпірінің астынан өтіп бара жатқанда, болжам бойынша, Lexus көлігі қатты жылдамдықпен басып кеткен.
1963 жылы туған ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Кісі қаққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір тергеушілер, жол полициясы мен іздеу бөлімінің қызметкерлері мән-жайды анықтап, көлік жүргізушісін табу мақсатында тиісті шаралар қабылдауда.