Алматыда Тимирязев көшесі 29-шы тамызда таңғы сағат 6-ға дейін жабық болады.
Байзақов пен Розыбакиев көшелерінің аралығында БРТ желісінің құрылысы жүріп жатқандықтан, аталған аумақта жеке көліктердің жүруіне уақытша тыйым салынған. Ал қоғамдық көліктер еш кедергісіз қозғала береді.
Айта кетейік, БРТ дәлізінің алғашқы бөлігі Мұстафин көшесінен бастап, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін жалғасады. Бірінші бөліктің ұзындығы 9 шақырымға жуықтайды.