|
25.05.2017 | 10:22
2297

Астаналық 2 жасар қыз көмекке мұқтаж

Астаналық 2 жасар қыз көмекке мұқтаж

Қатерлі ісікке шалдыққан Астаналық 2 жасар қыз балаға Алматы қаласының оқушылары қол ұшын беріп жатыр. Белсенді жастардың бастамасымен жасалаған шараның мақсаты - сәбидің еміне қаржы табу.

2 жасар Айару Тасқожа осыдан бірнеше ай бұрын ғана жақындарын сыңғырлаған күлкісімен қуантып, әкесімен асырсап ойнайтын. Оған  елордалық ақ халаттылар  жарты жыл бұрын «анапластикалық эпидиома» деген диагноз қойған. Жалпақ тілмен айтқанда бүлдіршінің миында ісік бар. Көп дүниені түсіне бермейтін бейкүнә сәбидің анасы қатерлі сырқатпен күресуге бар күшін салып, бармаған жер, баспаған тауы қалмапты.

«Біршама уақыт бойы мамандар қызыма нақты диагнозды қоя алмады. Өте көп дәрігерлердің алдынан өттік. Нейрохирургтар, хирургтар, педиаторлар, барлық мамандар қарауында болдық. Бірақ нәтиже жоқ. Тек уақыт өте келе қызымның миында ісік бар екендігі анықталды», - деді Айарудың анасы Нүргүл ҚАЗИЗОВА.  

Бұл күнді Нүргүл еш уақытта ұмытпайды. Дәрігердің ащы шыңдығын естігенде ол «бір өліп, қайта тірілгендей» күй кешкенің айтады. Ұлттық нейрохирургия орталығында Айаруға жасалған операция түбегейлі сырқаттың бетін қайтармаған. Ісікке толық ота жасау бала өміріне қауіпті көрінеді. Ал, арнайы сәулелі терапияны қабылдау елімізде тек 3 жастан бастап қана рұқсат етілген. Денсаулығы күн санап нашарлаған бүлдіршінің өміріне Түркия дәрігерлері араша түсуге уәде еткен. Сондықтан да Айару қайырымдылық қорының көмегімен Түркияда ем қабылдап жатыр.  

«Түркияның Стамбұл қаласындағы ауруханалардың бірінде қызым операциядан кейінгі қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Айару қазір әжесімен бірге. Қызымды өте қатты сағындым», - деді  Айарудың анасы Нүргүл ҚАЗИЗОВА.  

Ауыр дертке шалдыққан сәби өмірін аман алып қалу үшін Алматының нөмірі 177-ші мектеп оқушылары да ат салысуда. Олар өз қолдарымен жасаған тәттілерін сатып, түскен ақшаны Айарудың еміне жұмсамақ. Бұл білім беру мекемесі дәл осындай қайырымдылық жәрмеңкесін бірнеше жыл қатарынан ұйымдастыруда екен.

«Кішкентай сәбиімізге аурудан тез жазылып кетсін деп өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді. Сондықтан балалар мұндай тек мереке емес өздерінің бір қосқан үлесі ретінде қуана осындай іс-шараға қатысады», - деді  ата-ана Дильнара ӘЛІМҚҰЛОВА.      

Сондай-ақ бұл шара жасөспірімдерді қайырымдылық, мейірімділік пен парасаттыққа баулитыны сөзсіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деген даналықты ұран еткен ұстаздар, ата-ана мен оқушылар Айару аурудан айығуына тілекші болып жүр.

Нұсұлтан Біләл, Қобылан Өтегенов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир