|
08.12.2017 | 16:33
1288

ЕАЭО аясында шекаралық бақылау күшейтілмек

ЕАЭО аясында шекаралық бақылау күшейтілмек

Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында шекаралық бақылауды күшейту керек. Кедендегі ветеринарлық, карантиндік тексеру ауқымы кеңейсе заңсыз тауарлардың енуіне тосқауыл қойылады. Бұл туралы Мәжілісте Ауылшаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. Аталмыш ведомство ұсынып отырған заң жобасы негізінде тауарларды рұқсат етілген орындардан бөлек, заңмен көрсетілген өзге де бекеттерден тексеру көзделіп отыр. Ұйымдастырушылық, бақылау-тексеру қызметтері жергілікті әкімшіліктерге берілмек. Ал, министрлік тарапы  өнімдердің импортына қадағалау жүргізеді.

«Әкімшіліктердің үстінен бақылау жүргізу қазіргі кезде таңдау бойынша жылына бір рет жүзеге асады. Бұл өз кезегінде орталық пен аймақтардың байланысының төмендеуіне соқтырды. Оның ішінде,  вакцина құю мен сәйкестендіру, диагностикалық зерттеу жұмыстары, энзоотиялық дерттерге қарсы іс шаралар дұрыс қолға алынбай отыр. Біз ұсынып отырған заң жобасы олқылықтарды жойып, жұмысты реттейді», - деді ҚР ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат АЙТУҒАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир