Экологиялық бекеттегі арнайы жасақ қызметкерінің өліміне айыпталған Есенбаев үй қамаққа шықпайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экологиялық бекеттегі арнайы жасақ қызметкерінің өліміне жанама қатысы бар деп айыпталған Есенбаев үй қамаққа шықпайтын болды. Адвокат пен Рахымжан Есенбаевтың  балалары жазған шағымдарын қалалық сот қанағаттандырмай тастады. 57 жастағы камаз жүргізушісі осыдан екі апта бұрын кісі өліміне әкеліп соқтырған апатқа басында куәгер ретінде тартылған еді. Бірақ, арада алты сағат өткен соң куәгер бірден күдіктіге айналып шыға келген. Оған қылмыстық кодекстегі 345 баптың 3 тармағы бойынша айып тағылған. Алайда, адам өліміне тікелей қатысы бар Андрей Бедусенко сараптама дайын емес деген сылтаумен қамаудан сытылып кеткен. Бұған дейін Алматы қалалық  ішкі істер департаментінің ресми өкілдері 1986 жылғы күдікті Бедусенко  бірден қамауға алынды деп ақпарат таратқан еді. Анығында полиция капитанын өлтірген Андрей ауруханаға жатып алса, кейін оны тергеушілер  қол хатпен бостандыққа жібере салған.

«Денсаулығы нашар, алпысты алқымдаған әкелерінің өміріне алаңдаған Есенбаевтың балалары әкелерін тым болмағанда үй қамаққа шығару үшін пәтерді де кепілдікке ұсыныпты. Бірақ бүгінгі аппеляциялық сот отырысында судья сот жабық отырыс деген сылтаумен БАҚ өкілдерін іске қатыстырмады. Енді әділдік іздегендер Бас пракуратруға шағымданбақ»,- деді Р.Есенбаевтың қызы, Гүлнұр ЕСЕНБАЕВА.  


Новости партнеров